Body: 


2017 жылдың сәуір айының 05 күні Сәкен Сейфуллин мұражайының ғылыми қызметкерлері «Көлік және коммуникация колледжі» студенттері мен мұғалімдеріне қоғам қайраткері, ақын Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы мен шығармалары туралы жылжымалы көрме түрінде экскурсия өткізді.


Экскурсия барысында, Сәкен Сейфуллиннің өмірінен бастап, қоғамға қосқан үлесі жайлы ерекше тоқталып, қалай қайтыс болғандығы жайлы да баяндап айтып берді. Сонымен бірге ол кісінің көзінің тірі кезінде киген киімдері, қолданған өзіне қажетті заттарымен де таныстырып өтті. Студенттер, қоғам қайраткері, ақын Сәкен Сейфуллин жайында өздеріне қажетті толық мәләметтер алып, өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарының жауабын тапты.


Экскурсия жүргізген, Сәкен Сейфуллин мұражайының ғылыми қызметкерлері Мұқият Қойшыбайұлы және Медет Ерсінұлы студенттердің ұлтына деген сүйіспеншілігін, қазақ зиялыларына деген қызығушылығын байқады. Сонымен бірге, осы мекемені басқарып отырған директор З.С. Гаипов мырзаға рақметін айтып, осында білім беріп отырған ұстаздарға да жылы лебіздерін білдірді.

М. Карикулова