Body: 

2017 жылғы 12 сәуірде Ғарышкерлер күніне орай колледж студенттерінің арасында гір көтеруден біріншілік жарысы ұйымдастырылды. Жарыс гір тасын тұлқа көтеру бойынша 6-салмақ дәрежесінде өтті.Жарыстың мақсаты колледж студенттерін салауатты өмір салтына баулу және қалалық деңгейде өтетін «Ынта» спартакиадасына қатысатындарды іріктеу.6-салмақ бойынша спортшылар сынға түсті. Жарыста орын алған жеңімпаздар мен жүлдегерлер колледж әкімшілігінің мақтау қағаздарымен марапаттады.

Жарыс жеңімпаздары:
58 кг салмақ дәрежесінде 3ТЭТР-114 тобының студенті Червоняк Андрей,
63 кг салмақ дәрежесінде 2ЭН-215 тобының студенті Жаманбай Қолқанат,
68 кг салмақ дәрежесінде 2ЭТС-115 тобының студенті Қамшыбай Хамит,
73 кг салмақ дәрежесінде 2ППС-215 тобының студенті Баяхмет Ораз,
78 кг салмақ дәрежесінде 4ППС-113 тобының студенті Хильков Дмитрий,
85 кг салмақ дәрежесінде 3ППС-214 тобының студенті Бауыржан Тілеубек

Құттықтаймыз !!!


А. Мурзабаева