Body: 

2017 жылы 21 сәуірде колледжімізде «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАҢА ҰРПАҚ» жыл сайынғы халықаралық қатысуымен ғылыми-тәжірибелік студенттер конференциясы өтті.

Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Жунуспеков Өміргүл Хамзинович Конференция қатысушылары мен қонақтарға құттықтау сөзін арнады. Конференцияның мақсаты: студенттердің ғылыми-техникалық жұмыстарын, ғылыми көзқарастарын дамыту және қолдау көрсету, студенттер мен ғылыми жетекшілердің арасындағы ғылыми және педагогикалық қарым-қатынастарын жетілдіру. Биылғы конференцияға 110 студент қатысты. Оның ішінде Қазақстан, Ресей, Белоруссия және Малайзия оқу орындарынан студенттер атсалысты

Конференция жұмысы пленарлық және секциялық отырыстардан тұрды. Онда кеңінен дискуссиялар жүргізіліп, тәжірибе алмасу жүзеге асты. Конференция мынадай басым ғылыми бағыттарды ұсынды: ҚР Президентінің Жолдауы аясында темір жол инфрақұрылымын жаңғырту; Көлік салалары инновациялық дамыту: жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктер; Жаһандану жағдайында жаңа телекоммуникациялық технологияларды дамыту; Қалалық көліктерді дамытудың әлемдік тенденциялары; EXPO – 2017 - «Болашақ энергиясы»; Мемлекет экономикасының даму факторы ретінде – «Сандық Қазақстан»; Көптілділік білім беру: тәжірибесі мен келешегі.

Кезекті алғы сөзді «Өрлеу» БАҰО АҚФ Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Клименко Наталья Александровна сөйледі.

Конференцияның сарапшылары ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және басқа да салалық кәсіпорындары, Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қазақ технология және бизнес университетінің, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, ҚР БҒМ қосымша білім беру Республикалық оқу-әдістемелік орталығының қызметкері бекітілді. Сарапшылар тарапынан баяндамалардың ғылыми өзектілігіне, тәжірибелік бағытына, студенттердің дайындықтарына жоғары баға берілді

Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Үздік баяндамалар Астана қ. Білім басқармасының дипломдарымен, ал ғылыми жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.

Конференция жұмысына белсенді атсалысқан колледж ұжымдарына, сарапшыларға алғыс хаттар берілді.


Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, алдағы ғылыми-зерттеу қызметтеріне толағай табыстар тілейміз!

С.Хайруллина