Body: 

2017 жылғы 24 сәуірде колледждің тәрбие бөлімі және заңды тұлғалар қауымдастығы «Алем» волонтерлық орталығының» ұйымдастыруымен колледждің қыз балаларымен кездесу өтті. Кездесуге «Golden Way» тренинг орталығының негізін салушы және директоры Аликулова Айжан Кадиргалимовна мен әлеуметтік педагогика мен психология институтының психологы Нургазиева Софья Вячеславовна қатысты.

Іс-шараның мақсаты - қыз балалардың өнегелі тәрбиесінің жоғарылауына үлес қосу, олардың жеке және рухани әлеуетінің одан әрі дамуына, ұлттық тәрбие қағидаларының қайта жандануына ықпал ету.


Заңды тұлғалар қауымдастығы «Алем» волонтерлық орталығы» қыз балалардың рухани-адамгершілік қағидалары мен өнегелік принциптерін одан әрі дамытуға, сонымен қатар ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруға, өсіп келе жатқан ұрпақтың мәдениетін, тәрбиесін және білімін дамыту бойынша қойған тапсырмасын орындау мақсатына бағытталған.

Бұл кездесуде қыздар өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сыр ақтарысып, біршама өзекті мәселелерді талқылады: отбасы құндылығы, отбасындағы әйел адамның рөлі мен мәні, әлеуметтік мәселелер және т.б. сұрақтар қарастырылды.

Кездесу соңында қыз балалар орталық мамандарына сұрақтарын қойып, кеңестер алды.

Г. Нұрқабыл