Body: 

2017 жылғы 26 сәуірде Астана қаласы Көлік және коммуникация колледжінің кітапханасында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы А.Т.Ахметова және кітапхана меңгерушісі Г.Б.Жунусованың ұйымдастыруымен Отанға деген шынайы махаббатты қалыптастыру, Ұлы Отан соғысы жылдарында басынан өткерген халқымыздың ерліктерін мысалға ала отырып, өткен тарихын құрметтеуге үйрету мақсатында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған «Еңсесі биік - Ұлы Жеңіс» атты іс-шара өткізілді.

Кездесуге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, колледж оқытушылары және студенттер қатысты. Іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.У.Мурзабаева құттықтау сөзімен ашты. Анар Өміртайқызы қонақтарды Жеңіс мерекесімен құттықтап, соғыс жылдарында көрсеткен жанқиярлығы, ерлік және батырлық істеріне алғыс білдіріп, колледж әкімшілігі атынан сыйлықтар табыстады.

Ардагерлердің естеліктері ешкімді де тебіреніссіз қалдырған жоқ. Бұл кездесу студенттерге сол уақыттың зұлматты күндерін сезіндірді. Москва теміржол көлігінің инженерлер институтының түлегі, теміржол саласында 35 жыл еңбек еткен тыл еңбеккері Акчурина Райля Кудусовна соғыстың ауыр, зұлматты жылдары туралы әңгімелей келе, тылдағы әйелдер мен балалардың қажырлы еңбегі, соғыс жылдарындағы кеңес адамдары тартқан тауқімет, соған қарамастан біздің халық сабырлылық танытып жеңіске жетуі кез-келгеннің қолынан келмейтіндігін айтып өтті.

Кездесуге қатысушылар Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен Еске алды.

Салтанатты іс-шара Әлия Молдағұлова мемориалына гүл шоқтарын қоюмен жалғасты.
.

Ұлы Жеңістің 72 жылдығы қарсаңында өткізілген мағыналы әңгіме - естелік, сабақтастық, азаматтық борышымыз.

Г. Жунусова