Body: 

1 мамыр – Қазақстан Республикасы Халықтарының Бірлігі күні қарсаңында 2017 жылғы 28 сәуірде колледжде «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шараның шымылдығын ашқан колледж директоры Зулфухар Султанұлы мерекенің шығу тарихына тоқталды. Құттықтау сөзі барысында ұжым басшысы колледжде бірнеше ұлт өкілдерінің тату-тәтті еңбек етіп, алдарына қойған мақсаттарына бірге жетіп жатқандарын тілге тиек етті.

Мерекеге сай безендірілген колледждің мәжіліс залында салтанат пен мерекенің әсері қалықтап тұрды. Концерттік бағдарлама өзінің әр алуан репертуарымен қызықтырды: халық билері, әр түрлі тілде орындалған әндер мен өлеңдер көрермендерді түрлі әсерге бөледі. Концерт жүргізушілері Иван Засухин мен Аделя Бигарстанова келген қонақтарды әдемі сөз өрнегімен баурап алды. 1 және 2 курс студенттері қойған «Бір шаңырақ астында» көрінісі қазақстанды мекен еткен халықтардың тату-тәтті өмірінің үзіндісіндей болды. Ағылшын пәнінің оқытушысы Кундыз Адылгазыевна мен 3 курс студенті Еркебұлан Елеусизовтың орындаған «Welcome to Kazakhstan» әні қошеметке бөленді.

Кеш қонақтары «Шаңырақ» ансамблін жиналған қауым ерекше ықылас-қошеметпен қарсы алды. Мереке келген қонақтар мен қатысушылардың есінде ұзақ сақталатындай деңгейде өтті.

Осындай шаралар әр ұлттың бірімен кездесіп, араласып, басқа ұлттың құндылықтары мен олардың салт-дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелейді.

.

«Орыс және ағылшын тілдері» кафедрасы