Body: 

2017 жылғы 29 сәуірде экологиялық айлық барысында «Біз тазалықты қолдаймыз!» атты жалпы қалалық сенбілік күні өтті. Колледж студенттері мен қызметкерлері аталған шараға қатысып, қаламыздың сәнін келтіруге өз үлестерін қосты. Биылғы жылы колледж студенттері мен қызметкерлері Конституция – Байсейітова - Қарасай батыр, Бұланты көшелерінің бойын, колледждің ішкі-сыртқы ауласын және коллежге қарасты аумақтар мен жатақханаларда сенбілік жұмыстарын жүргізді

Сенбіліктің алды «Біз – жастар, тазалықты қолдаймыз, Жер – ана, табиғатты қорғаймыз!» ұранымен «Жастар» ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастырған флешмоб-акциясымен басталды.

Сенбілік аясында колледж ауласы мен колледж маңындағы аумақтар тазаланып, бордюрлер мен ағаштардың түптері боялды. Аталған шараға жалпы саны 1400-ге жуық адам қатысты.

А. Мұратұлы