Body: 

2017 жылғы 31 мамырда колледж ауласында Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – Мақтанышы Елімнің» атты салтанатты жиын өткізілді. Жиынның ерекшелігі - айтулы мерекеге орай сырттай оқу бөлімінің студенттері колледж түлегі атанып, колледжді тәмәмдағаны туралы дипломдарын алды.

«Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің айқын нышаны», - деп сөз бастаған колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы барша студенттер мен колледж қызметкерлерін мемлекеттік мерекемен құттықтады. Әрбір рәміздің айрықшылығын айта келе, оқу орда басшысы студенттерге жазғы демалысқа көтеріңкі көңіл-күймен шығуға, ал диплом табысталған студенттерге сәттілік тіледі.

Салтанатты жиын колледждің озат оқушыларын, белсенді жастарын және спорт саласында жетістікке жеткен студенттерді мараппаттау сәтінде жалғасын тапты.

Оқуда үздік, қатарының алды бола білген озат студенттер колледж директорының қолынан марапатқа ие болды. Халықаралық және қалалық конференциялардың жеңімпаздары мадақтау қағаздарын алды.

Біліммен қатар спорттада жетістікке жеткен студентеріміз де алғыс хаттармен марапатталды.


А.Мурзабаева