Body: 

Диплом табыстау – студент өміріндегі ең маңызды сәттердің бірі. Бұл сәтті түлектер жылдар бойы тағатсыздана күтеді. 2017 жылдың 23 маусымында колледжде «Ақ жол, саған, жас түлек!» атты салтанатты жиыны өтті. Салтанатты сәтті директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тоты Тлеулесқызы Абдикаримова ашты. Ол өз сөзінде жастар - ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениет өсіретін, аға - апаларымыздың ісін ары қарай жалғастыратын болашақ азаматтар екенін, және ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан түлектердің қадамдарына сәттілік тіледі.

Бітіруші түлектердің атынан 4ЭТХ-213 тобы студенті Бақыт Ұланбек сөз сөйлесе, ата-аналар атынан Ибраева Күміс Олжабайқызы сөйледі. Өз сөздерінде колледж директорына, оқытушыларына алғысын білдіріп, оларға шығармашылық табыс пен жетістік тіледі.

Іс-шара соңында бітіруші түлектер аспанға шар жіберіп, өз арман-тілектерін білдірді. Ақ жол саған, жас түлек!


Мурзабаева А.У.