Body: 

2017 жылғы 29 тамызда Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында Астана қаласы Білім Басқармасының ұйымдастыруымен «Жұлдызды шашу» салтанатты іс-шарасы өтті. Аталған мерекелік шараға қалалық маслихат депутаттары, әкімшілік өкілдері, мектеп және колледж басшылары және астаналық ұстаздар мен оқытушылар қатысты.

2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша Көлік және коммуникация колледжі «Біз Қазақстанның болашағымыз!» атты қалалық Спартакиадада жүлделі 3 орын алғаны үшін Білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды. «Қазақ тілі және әдебиет» кафедрасының оқытушысы Рахымова Мейрамкүл Тастанқызы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласында қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасына ие болды.

Құттықтаймыз!!!

А. Мурзабаева