Body: 

2017 жылғы 16 қыркүйекте Астана қаласында «Астана – таза қала» акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік күні өтті. Осыған байланысты Көлік жене коммуникация колледжінің студенттері мен оқытушылары аталған шараға қатысып, қаламыздың сәнін келтіруге өз үлестерін қосты.

Сенбілік аясында «Біз – таза қала үшін» флешмоб-акциясы ұйымдастырылды. Осыдан кейін колледж ауласы мен колледж маңындағы аумақтар тазаланды. Сонымен қатар колледж жатақханаларындада сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Аталған шараға жалпы саны 2000-нан астам адам қатысты, оның ішінде колледж оқытушылары мен қызметкерлері де бар.

А. Мұратұлы