Body: 

Ұстаздар күні – бұл жылдың жылы мерекелерінің бірі. Біздің өмірімізде ұстаздардың орны ерекше екендігі барлығына мәлім. Ұстаздар ғана бізге баға жетпес білім нәрін сусындатады. Осы жарқын мерекені атап өтуде колледж қабырғасында болған Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс- шараны, колледж директоры Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы құттықтау сөзімен ашты. Салтанатты мереке жылы қарым – қатынас пен жайма –шуақ көңіл – күйге толы болды. Бұл мерекенің қадірлі қонағы еңбек ардагері, колледжің құрметті оқытушысы Титеньков Леонид Петрович болды.

Жыл сайын дәстүр болған колледж қабырғасында бұл ерекше мерекені атап өтуде оқытушыларды құрметпен марапаттау рәсімі де болды. Білім және Ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен М.Т. Рахымова, колледж директорының алғыс хатымен Г.С.Сырымбетова, А.Х.Шабкенова, Б.А.Тамбиев марапатталса, адал еңбекпен пен шығармашылық қызмет, жоғарғы дәрежедегі кәсіптілік үшін сертификаттар мен естелік сыйлықтарға келесідей оқытушылар ие болды: М.Б.Жусуповқа – көп функционалды құрылғы, К.А.Рахимбаеваға – дербес компьютер, М.А.Жанбосыноваға - дербес компьютер, «Д, ПП, С» бөліміне – интерактивті тақта. Колледж пәндік үйірме жетекшілеріне «Жастардың шығармашылық макеті - колледждің игілігіне арналады» байқауының қорытындысымен дипломдар табыс етілді, 1 орын - Г.А.Дүйсенова, 2 орын – Г.А.Алдонгарова, 3 орын – Т.Н.Естемесов. Салтанатты мереке құттықтау сөздерімен бірге, студенттердің әдемі музыкалық нөмірлермен алмасты.

Біздің колледж жыл сайын қызметке жас мамандарды алуда. Бұндай ерекше күні колледж директоры Гаипов Зулфухар Султанович колледждің барлық жас мамандарына салтанатты түрде колледждің төс белгісін табыстады. Ұстаз болу батырлық пен адалдықты қажет етеді. Мереке өткенімен, ұлы ұстаздық еңбекке халықтық мақтаныш пен махаббат еш өшпес.

А. Муканова