Body: 

2018 жылғы 5 наурызда Астана политехникалық колледждің Акт залында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Біз өмір сүретін әлем» тақырыбында Астана қаласы кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының 19 колледжінің қатысуымен «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті.

Көңілді, әуезді, ырғақты әндер шырқалып, әр ән кішігірім көрінісімен өрнектелді.

Осы сайыста колледжіміздің намысын колледжішілік «Екі жұлдыз» ән байқауының бас жүлдегерлері Сванова Гүлназ Бақытжанқызы мен Ғабдеш Даурен – «Елімнің жүрегі - Астана» әнімен қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша қатысушыларымыз «Көрермен көзайымы» номинациясын ұтып алды.

А. Мұратұлы